Тараз политехникалық колледжі

Басты бет - Жаңалықтар - Республикалық «JARIQ» интеллектуалдық ойыны сәтті аяқталды

Республикалық «JARIQ» интеллектуалдық ойыны сәтті аяқталды

2025 жылдың «Жұмысшы жастар жылы» деп жариялануына және ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Дулати университетінде өткен республикалық «JARIQ» интеллектуалдық ойыны сәтті аяқталды.

Байқау барысында Тараз политехникалық колледжінің командасы өз білімін, шығармашылық қабілетін және тапқырлығын жоғары деңгейде көрсетті. Команда жарқын тұлғасы, терең ойлары және есте қаларлық өнерімен көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп,
«КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ» номинациясымен марапатталды!

Жетекшісі — Әбдіманап А.А.

Сонымен қатар, интеллектуалдық квизде жеңіске жетіп, 50 000 теңге көлемінде сертификатқа ие болды.

Бұл жетістік — колледжіміздің білім сапасының, тәрбие мен шығармашылық бағыттағы табысты жұмысының нақты дәлелі.

Біздің жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа белестерге бірге жетейік!