Қыздар жиналысы
Тараз политехникалық колледжінде “Жан-нұр” жастар денсаулығы орталығының мамандары Қалдыбаева Г.Б және Манап Д. колледж студент қыздарымен кездесті.
Кездесу барысында “АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу” және “Репродуктивті денсаулықты қорғау” тақырыптарында маңызды дәріс оқылды. Мамандар жастарға өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы жайлы кеңес беріп, пайдалы ақпаратпен бөлісті.
Салауатты ұрпақ — жарқын болашақ кепілі!