Тараз политехникалық колледжі

Басты бет - Жаңалықтар - Кіші футбол турнирі

Кіші футбол турнирі

11 маусым күні №18 кіші футбол алаңшасында Халықаралық нашақорлыққа және есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған кіші футбол турниріне қатысты.

Аталған турнирде Тараз политехникалық колледжінің командасы жоғары ойын көрсетіп, жүлделі III орын иеленді. Бұл жетістік – сіздердің табандылықтарыңыздың, командалық рух пен жеңіске деген жігерлі ұмтылыстарыңыздың нәтижесі.

Салауатты өмір салтын насихаттап, колледж абыройын жоғары деңгейде қорғағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да спорттық, шығармашылық және білім саласында биік белестерді бағындыра беріңіздер! Жарайсыңдар, мақтаныштарымыз!