Халық қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланованың шығармашылығына арналған «Ержүрек майдангер әнші» атты тағзым кешін өткізді.
???? Тараз политехникалық колледжі
Ш. Уәлиханов атындағы кітапхана ұжымымен бірлесе отырып, қазақ өнерінің көрнекті өкілі, ән әлемінің жарық жұлдызы, сопрано үнді ән падишасы, қазақ эстрадасының алғашқы қарлығаштарының бірі, Қазақстанның және бұрынғы КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланованың шығармашылығына арналған «Ержүрек майдангер әнші» атты тағзым кешін өткізді.
Іс-шара барысында колледж білім алушылары белсене қатысып, аңызға айналған әншінің өмірі мен өнері жайлы тың деректермен бөлісті. Роза Бағланованың қайталанбас дауысымен әлемді тамсандырған әндері шырқалып, көрерменге рухани әсер сыйлады.Жас ұрпақ үшін өнері мен өмірі – өнеге, есімі – мәңгі өшпес тарих болып қала бермек. ????



18