«Еңбек елдің – ертеңі»: Тараз политехникалық колледжінің білімгерлеріне білімге қолдау көрсетілді
???? Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойын қорытындылау аясында «Жомарт жан» орталығы іске асырып жатқан «Еңбек елдің – ертеңі» жобасы бойынша Тараз политехникалық колледжінің 07161300 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының білімгерлері қолдауға ие болды.
Атап айтқанда, 3 курс студенті Сатылған Ерлан мен 1 курс студенті Кадыров Алиге 1 жылдық оқу ақысы толықтай төленіп берілді.
Бүгінгі күні білімгерлерге арнайы сертификаттар табысталып, салтанатты түрде марапатталды.


18