16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Тараз политехникалық колледжі
Бұл күн – халқымыздың ғасырлар бойғы арманы орындалып, егемен ел атанған қасиетті мереке. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ерлігі мен ел үшін төгілген қанының өтеуі, бүгінгі ұрпаққа аманат еткен ең қымбат құндылық.
Желтоқсан оқиғасы – еркіндік пен әділдік жолында жас ұрпақтың қайсар рухын танытқан тарихи кезең. Сол бір қиын сәттерде ел болашағы үшін алаңға шыққан жастардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Осы айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, бірлік пен береке тілейміз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болсын!
Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін!

30