“Діни радикализм бағыттары” тақырыбында студенттерге арналған түсіндірме жұмыстары өткізілді
Тараз политехникалық колледжі
Ағымдағы жылдың ақпан айының 5-ші жұлдызында Тараз политехникалық колледжінде “Діни радикализм бағыттары” тақырыбында студенттерге арналған түсіндірме жұмыстары өткізілді. Аталған іс-шараны Зүнінқожа Зұлқарнайын Бұрханұлы жүргізді.
Кездесу барысында діни радикализм ұғымы, оның қоғамға тигізетін кері әсері және алдын алу жолдары жан-жақты түсіндірілді. Спикер радикалды ағымдардың негізгі белгілерін атап өтіп, олардың қоғам тұрақтылығына, жастардың тәрбиесіне және ел қауіпсіздігіне төндіретін қауіптері туралы айтты. Сонымен қатар дәстүрлі дін мен радикалды көзқарастың айырмашылығына тоқталып, дұрыс діни білім алудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Іс-шара барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, ақпаратты сенімді дереккөздерден алу және күмәнді діни ағымдарға ермеу керектігі түсіндірілді.
Кездесудің басты мақсаты – студенттерге діни радикализмнің зиянын түсіндіру, олардың сыни ойлау қабілетін дамыту және қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтауға үлес қосу болып табылады.
Осындай тәрбиелік мәні бар іс-шаралар колледжде алдағы уақытта да жалғасын табады


35