Таразский политехнический колледж

Главная - Новости - Ұлдар жиналысы

Ұлдар жиналысы

Ағымдағы жылдың 12 мамырда Тараз политехникалық колледжінде “Жан-нұр” жастар денсаулығы орталығының мамандары Қалдыбаева Г.Б және Манап Д. ер балаларға арналған тәрбие сағатын өткізді.

Іс-шара барысында “Зиянды әдеттердің алдын алу” және “Ер балалардың репродуктивті денсаулығы” тақырыптарында дәрістер оқылды. Мамандар жасөспірімдерге салауатты өмір салтының маңыздылығын түсіндіріп, зиянды әдеттерден сақтанудың жолдарын айтып, репродуктивті денсаулықты сақтау бойынша пайдалы кеңестер берді.

Іс-шара студенттер үшін пайдалы әрі тәрбиелік мәні жоғары кездесу болды.