Таразский политехнический колледж

Главная - Новости - «Алтын Орданың заңды мұрагері» атты тарих сағаты өтті

«Алтын Орданың заңды мұрагері» атты тарих сағаты өтті

????Кітапхана Тараз политехникалық колледжімен бірлесе отырып «Атқарылған архив, тасқа басылған тарих» кітапханалық жобасы аясында Қазақ хандығына 560 жыл толуына орай «Алтын Орданың заңды мұрагері» атты тарих сағатын ұйымдастырды.

????Іс-шараға Тараз политехникалық колледжінің 2-топ 524 білімгерлері қатысты. Жоба барысында тарих пәнінің аға оқытушысы Садыгулова Алия Қуанышбековна Қазақ хандығының тарихи маңызы, мемлекет құндылығының негіздері, бабаларымыз арман еткен тәуелсіздік, бейбіт заманның бақытты болашағы туралы баяндама оқып, шәкірті Казиева Ақерке Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуының ежелгі бастаулардан тәуелсіздік алғанға дейінгі көптеген уақыттары туралы тарихқа көз жүгіртті. Болашаққа үміт, жастарға сенім арта отырып, тарихымызды ұмытпай, келешек ұрпаққа жеткізу - біздің міндетіміз.