Таразский политехнический колледж

Главная - Новости - Тараз қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығы

Тараз қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығы

 Тараз политехникалық колледжі

Колледж психологы Шерелхан Ақмаржан Алтынханқызының жетекшілігімен колледжімізде Тараз қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығы КММ-нің Дін және жастарға қызмет көрсету секторының меңгерушісі Зүнүнқожа Зұлқарнаин Бұрханұлы арнайы қонақ болып келді.

Ол 1-курс студенттерімен кездесу өткізіп, жастардың қоғамдағы белсенділігі, рухани-адамгершілік құндылықтар, жат ағымдардың алдын алу және дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыру жайында мазмұнды әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Бұл шараның мақсаты – жастардың саналы көзқарасын қалыптастырып, отансүйгіштікке, толеранттылыққа және білімге ұмтылуға шақыру болды.