Тараз қалалық Жастар орталығының қызметкерлері келді
???? Тараз политехникалық колледжі
Колледж психологы Шерелхан Ақмаржан Алтынханқызының жетекшілігімен колледжімізге Тараз қалалық Жастар орталығының қызметкерлері – Байпақ Дархан, Жылысбаев Ернар, Нұрлан Азамат және Берекеева Динара қонақ болып келді.
Олар 1-курс студенттерімен кездесу өткізіп, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану жолдары туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, КВН ойындары, волонтерлік қызметтің маңызы мен жастарға берер мүмкіндіктері жайлы құнды кеңестер айтып, студенттерді белсенді болуға шақырды.
Кездесу барысында студенттер қызықты ақпарат алып қана қоймай, өз ойларын ортаға салып, пайдалы пікір алмасты.



30