Таразский политехнический колледж

Главная - Новости -  “Кітап белгілері емес” және “Хулиганка” қысқаметражды деректі фильмдері көрсетілді.

“Кітап белгілері емес” және “Хулиганка” қысқаметражды деректі фильмдері көрсетілді.

Тараз политехникалық колледжі

“Заң мен тәртіп” жобасы аясында колледж студенттеріне тәрбиелік маңызы зор “Кітап белгілері емес” және “Хулиганка” қысқаметражды деректі фильмдері көрсетілді.

Фильмдер барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң алдындағы жауапкершілік және әр азаматтың қоғамдағы орны туралы маңызды ойлар қозғалды.

Көрсетілімнен кейін студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, заң талаптарын сақтау – болашақтың кепілі екенін атап өтті.

Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, тәртіп пен жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.
@taraz_bilim @zhambyl_bilim
#ТаразПолитехникалықКолледжі
#ЗаңМенТәртіп
#ҚұқықтықСауаттылық
#ТәртіпТәрбие
#ЖастарСаясаты
#ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу