“Дүниежүзлік АИТВ-ЖИТС қа қарсы күрес күніне” орай маңызды танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Тараз политехникалық колледжі
Ағымдағы жылдың 1 желтоқсан күні “Дүниежүзлік АИТВ-ЖИТС қа қарсы күрес күніне” орай маңызды танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әмірбек Ақерке Сейілбекқызының және колледж психологы Шерелхан Ақмаржан Алтынханқызының бастамасымен өтті.
Шараға Жамбыл облыстық Жастар денсаулық орталығының жетекшісі, психолог Қалдыбаева Гүлзира Бекболатова, сондай-ақ орталықтың акушері Манап Диана Ерғалиқызы қатысып, жастарға АИТВ/ЖИТС туралы маңызды ақпараттар берді.
Студенттер инфекцияның алдын алу жолдары, қауіп факторлары және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау жайында жан-жақты мәлімет алды.
Мұндай шаралар жастардың сауаттылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.



49