Таразский политехнический колледж

Главная - Новости - “Дүниежүзлік АИТВ-ЖИТС қа қарсы күрес күніне” орай маңызды танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

“Дүниежүзлік АИТВ-ЖИТС қа қарсы күрес күніне” орай маңызды танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Тараз политехникалық колледжі
Ағымдағы жылдың 1 желтоқсан күні “Дүниежүзлік АИТВ-ЖИТС қа қарсы күрес күніне” орай маңызды танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әмірбек Ақерке Сейілбекқызының және колледж психологы Шерелхан Ақмаржан Алтынханқызының бастамасымен өтті.

Шараға Жамбыл облыстық Жастар денсаулық орталығының жетекшісі, психолог Қалдыбаева Гүлзира Бекболатова, сондай-ақ орталықтың акушері Манап Диана Ерғалиқызы қатысып, жастарға АИТВ/ЖИТС туралы маңызды ақпараттар берді.

Студенттер инфекцияның алдын алу жолдары, қауіп факторлары және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау жайында жан-жақты мәлімет алды.

Мұндай шаралар жастардың сауаттылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.