Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында кездесу өтті
Тараз политехникалық колледжі
Бүгін Тараз политехникалық колледжінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында кездесу өтті. Шараға Тараз қалалық мәслихатының №22 сайлау округінің депутаты, №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының директоры Бердалиев Мұрат Әзімханұлы қатысып, оқытушылар мен студенттерге Жолдауда айтылған негізгі бағыттар жайында кеңінен түсіндірме жасады.
Кездесу барысында колледж психологы Шерелхан Ақмаржан мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Еділ Дарханұлы да қатысып, жастардың ой-пікірін тыңдап, қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Бұл іс-шара студенттердің саяси сауаттылығын арттырып, елдің болашағына бейжай қарамайтын жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етті.



20