Тараз политехникалық колледжі

Басты бет - Жаңалықтар -  “Буллинг, кибербуллинг” іс-шарасы аясында құқықтық түсіндірме жұмысы жүргізілді

“Буллинг, кибербуллинг” іс-шарасы аясында құқықтық түсіндірме жұмысы жүргізілді

 “Буллинг, кибербуллинг” іс-шарасы аясында жүргізілген құқықтық түсіндірме жұмысы

Тараз қаласы Полиция басқармасы №1 полиция бөлімі мен Тараз политехникалық колледжінің бірлескен тәрбиелік іс-шарасы аясында 2025 жылдың 25 қазан күні колледж қабырғасында жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында “Буллинг, кибербуллинг” тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Іс-шараға Тараз қалалық Полиция басқармасы 1-ПБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі Ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторлары – полиция аға лейтенанты Әділханов Нүркен және полиция лейтенанты Әліпбек Жасұлан қатысты. Шара аталған мамандардың жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Кездесу барысында студенттерге зиянды әдеттердің алдын алу, құқық бұзушылық пен заңсыз әрекеттердің салдары, сондай-ақ құқықтық жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берілді. Полиция қызметкерлері жасөспірімдерге өз болашағына жауапкершілікпен қарау, заң талаптарын сақтау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті.

Мұндай іс-шаралар жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, қоғамдағы қауіпсіздікті нығайтуға және келеңсіз оқиғалардың алдын алуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады @zhambyl_police @taraz_police @prokuratura_taraz